Тасмағамбетов ҰҚШҰ қызметіне қатысты пікір білдірді

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жаңа бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, ҰҚШҰ-ға балама жоқ екенін айтты.

«ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларына ұйымның жұмыс құрылымын басқаруға сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Әлем ірі геосаяси сын-қатерлердің куәсі болып отыр және өте күрделі саяси, экономикалық және өзге де проблемаларды шешу міндеті тұр. ҰҚШҰ алдында да күрделі міндеттер тұр. Осы сын-қатерлер мен проблемалардың барлығы біздің Ұйымның негізгі рөлін, оның беделі мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің пәрменді тетігі болу қабілетіне әсер етеді. Оның одан әрі беделі мен тиімділігі сіздермен бірге бізге байланысты. Барлық сын-қатерлерге қарамастан, мен ҰҚШҰ үшін балама жоқ екеніне, өзіне жүктелген міндеттерді шешуге қабілетті екеніне сенімдімін», — деп мәлімдеді Тасмағамбетов ҰҚШҰ хатшылығының тұрақты кеңес мүшелері мен бас хатшысының орынбасарларына, біріккен штаб бастығына және бөлімше басшыларына жасаған үндеуінде.

Еске сала кетейік, Тасмағамбетов 2023 жылы Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуімен ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне кірісті.

Добавить комментарий