Қазақстандық БАҚ мәліметінше, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде Ресей Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті
Тасмағамбетов Шойгуға 2023 жылы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдарын бірлесіп даярлау жоспары бойынша Беларусьте ұжымдық күштердің бірқатар ірі оқу-жаттығуларын өткізу көзделіп отырғанын хабарлады.
«Қыркүйек айында Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2023» жедел әрекет ету ұжымдық күштерімен оқу-жаттығу, қыркүйекте «Іздеу-2023» барлау күштері және құралдарымен, сонымен қатар «Эшелон-2023″ материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығуы жоспарланған. Ұжымдық күштерді басқару жүйесін жетілдіру, атап айтқанда байланыс саласындағы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті ҰҚШҰ бас хатшысы.
Сондай-ақ ол Қырғызстан аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2023» оқу-жаттығуын өткізу ұсынылып отырғанын айтты.
Сергей Шойгу кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетовті ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.