Кеше Ташкенттегі мектептердің бірінде ерекше оқиға орын алды — оқу ордасына найзағай түсті. Қатты соққан жел мен жаңбыр жағдайды қиындатты.
Мирабад ауданында орналасқан №83 жалпы білім беретін мектеп қатты зақымданды — терезелер сынып, ғимараттың есіктері мен қасбеті бүлінді.
Алайда елордалық ТЖБ қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде келіп, табиғи құбылыстың зардаптарын жойып, одан әрі зақымданудың алдын алды.