Тараздың екі тұрғыны ақша бопсалады деген күдікке ілінді

Тараз қаласының тәртіп сақшылары ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады.

«6 желтоқсанда Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзінен қорқыту арқылы апта сайын екі азаматтың әшкерелеуші ақпаратты жарияламау үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын хабарлады. Жәбірленушіден барлығы 2 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды», — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің 2022 жылғы 20 желтоқсан сейсенбі күні хабарламасында.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның серіктесіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп толықтырды полицейлер.

Добавить комментарий