Таразда журналист Айжан Әуелбекова ұсталды

Таразда көпбалалы аналардың рұқсат етілмеген митингісі кезінде «Время» газетінің журналисі Айжан Әуелбекова ұсталды.

«Бүгін Тараз қаласындағы орталық алаңда болдым, өйткені сол жерде көпбалалы аналардың рұқсат етілмеген митингі өтіп жатқан. Бәрі бейбіт жолмен өтті, кейін полицейлер келіп, бәрін автобусқа мәжбүрлеп кіргізіп алып кетті, олардың арасында мен де болдым. Яғни, бұл журналистік қызметке кедергі келтіру болып табылады. Мен солай деп есептеймін. Қазір бізді автобуспен қайда апара жатқанын білмеймін», — деді Әуелбекова сейсенбі күні.

Агенттік тілшісі анықтағандай, Әуелбековадан басқа полицейлер тағы бірнеше адамды алып кеткен.

Сонымен қатар, Тараздағы шерушілердің бір бөлігі арандатушылыққа бой алдырмауға, күш қолданбауға және бөтен біреудің және қоғамдық мүлікті талқандамауға шақырды.

«Біз — тараздықтар — Жаңаөзенмен біргеміз!» — деді шерушілер.

Добавить комментарий