Тараздағы жантүршігерлік кісі өлімі оқиғасы ізі суымай ашылды

Таразда жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы болды. Полицейлер әйелді пышақтап өлтіріп, қайын енесін ауыр жаралаған күдіктіні тауып, ұстады. Жамбыл облысы полиция департаменті оқиғаның жай-жапсарын айтты.

«16 қарашада 102 пультіне 42 жастағы ер адам хабарласып, үйіне оралғанда пышақталған анасы мен жұбайының үстінен түскенін айтып жүгінген. Оқиға орнына келген полицейлер мен медицина қызметкерлері 42 жастағы жұбайының қайтыс болғанын анықтады. Ер адамның анасы Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», — деп хабарлады Жамбыл облысы ІД баспасөз қызметі.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Жамбыл ауданы Пригородное ауылының бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, спирттік ішімдік бірлесіп ішу барысында кенеттен туындаған жанжалдан соң пышақ жарақатын салғанын айтты.

Аталған фактіге қатысты 999-б. 1-б., 24-99-б. 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Заттай дәлелдеме алынды.

Добавить комментарий