Таразда мас күйде болған бұзақы көшеде өтіп бара жатқан адамды өлтіріп қоя жаздады

Таразда мас күйде болған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адам тап беріп, жүрек тұсына пышақ сұғып алды.

23 жастағы күдіктіге қатысты «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысы полициясының хабарлауынша, оқиға 15 тамыз күні сағат 21:30 минут шамасында Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны Тараз қаласының кафелерінің бірінің жанынан өтіп бара жатып, сол кафеден шығып бара жатқан ер азаматқа, бұзақылық ниетпен тиісіп, жанжал шығарған. Нәтижесінде күдікті жәбірленушінің жүрегіне пышақпен шаншып кесілген дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші Тараз қаласының ауруханасының жан-сақтау бөліміне түскен.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде күдікті “ізін суытпай” ұсталды, қазір «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий