Тәртіп сақшылары Таразда оқ-дәрі мен қару-жарақ салынған сөмке тапты.
Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы өзен маңында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар қапты анықтады. Қаптан МР-133 және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, PIETTA GHIBLY мылтығы, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.