Тараз: өрт кезінде үш адам қаза тапты

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі жанып жатқан ғимаратта үш адам көз жұмған жантүршігерлік өрт туралы хабарлады. Талғат Уәли 1936, 1960 және 1982 жылдары туған азаматтар апат құрбаны болғанын нақтылады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, егде жастағы әйел мен оның ұлы өрт кезінде жану өнімдерінен уланған, ал жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенше туыстарын құтқарамын деп өзі де улы газбен уланып қайтыс болған. ТЖ департаментінің Кезекші бөліміне хабарлама сағат 03:26-да келіп түсті», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына қанша уақыт өткеннен кейін келгені туралы хабарланбаған.

Өрт сөндіру үшін 21 адамнан тұратын өрт сөндірушілер мен бес бірлік техника шықты.

Добавить комментарий