Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт және жарылыстар кезінде қайтыс болған үш өрт сөндірушінің жеке басы анықталды.
Үшеуі де Жамбыл облысы бойынша ТЖД қызметкерлері болды.
Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған үш мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Марқұмдардың үшеуі де Жамбыл облысы бойынша ТЖД қызметкерлері болып шықты. Олар:
- 1-ші МӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т.
Соңғы мәліметтер бойынша, Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар мен өрттен барлығы 15 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.