Тараз маңында белгісіз оқ-дәрілер қоймасы табылды

Тараз маңындағы мейрамхананың ішінде ешқандай күзетсіз тұрған оқ-дәрілер қоймасы табылды.

Аталған мейрамхана Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан. 2021 жылғы 29 тамызда өрт шығып, жарылыс болған әскери бөлім осы ауданда орналасқан.

Аталған мейрамхана Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан. 2021 жылғы 29 тамызда өрт шығып, жарылыс болған әскери бөлім осы ауданда орналасқан.

Бір қызығы, аман қалған өрт сөндірушінің айтуынша, оларға әскерилер қоймада жарылатын зат жоқ деп, қашып кеткен.

Байзақ ауданының тұрғындары оператордың снарядтардың қашан әкелінгені және оларды жергілікті тұрғындар қалай пайдаланады деген сұрақтарға жауап берді.

«Байзақ ауданы тұрғындарының айтуынша, Арыс қаласында болған жарылыстан кейін жеткізілген снарядтарды бөлшектеп, ішінен қорғасын мен басқа да компоненттерді алып өткізеді екен. Түрін көрсетуден бас тартқан адамдар «бір жағынан бұл (снарядтарды бөлшектеу — ред.) ауылдағы жұмысы жоқ ағайынға осыны жақсы болды», — делінген жергілікті БАҚ-та.

Кадрларда мейрамхана ауласында снарядтардың үйіліп жатқаны көрінеді.

Журналистер гильзаларды, сондай-ақ жерде жатқан оқ-дәрілерді және басқа да компоненттерді видеоға түсірді. Сондай-ақ олар снарядтар табылған аумақтың маңында әскери жүк көлік тұрғанын көрсе болады. Бұл ретте видеода сол маңды ешкім де күзейтпейтіні байқалады.

«Жарылып кету қаупі бар. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, ауданның орталығы Сарыкемердегі біз білмейтін белгісіз бір қойма. Тау, төбе боп үйілген жарылғыш заттар», — деді видеоның авторы.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды, кейінірек қорғаныс министрлігі алты жарылыс болғанын хабарлады, артынан 10-нан астам жарылыс тіркелді, соңғы рет жарылыс 29 тамызда болды.

Оқиға орнына 26 тамызда қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған комиссия аттанды, ол 27 тамызда отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол өзіне тағылған айыптарды надандық деп санайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан 14 адам қаза тапты.

Жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хпбпрлпды оқиға болған түні президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Өрттің алдын ала себебі ретінде қасақана өртеу нұсқасы қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, аталған қоймада 2019 жылғы жарылыстардан кейін Арыстан шығарылған оқ-дәрілердің бір бөлігі сақталғаны анықталды.

30 тамызда әскери бөлімде болған жарылыстан аман қалған өрт сөндіруші әскерилер құтқарушыларды жаңылыстырып, жарылатын зат жоғын айтып, ал өздері қашып кеткен деп мәлімдеді.

Добавить комментарий