Тараз: Ерекше режимдегі колонияда өрт шықты

Белгілі болғандай, өрт өндірістік цехтардың бірінде болған. Онда 14 шаршы метр жерде ағаш өңделіп, дайын бұйымдар сақталды, деп жазады КТК. Өрт тез арада шатырды шарпыған, бірақ қызметкерлер, одан кейін өрт сөндірушілер қызыл жалын да дер кезінде ауыздықтады. Колониядағылар өрт шыққан кезде цехта ешкім болмағанын айтты. Бәрі де басқа ғимараттағы камераларында болған.

«Өрт кезінде сотталғандардың қашу әрекеттері болған жоқ. Өрт сөндіруге қатысқан барлық қызметкерлердің бәрі аман-сау. Қызметкерлер мен арнайы контингенттер зардап шеккендер жоқ. Бұл ЖК болуы мүмкін, олармен өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін келісімшарт бұзылады. Бірақ қазіргі таңда, негізгі себебі — қысқа тұйықталу». — деді Тараз қаласының №59 төтенше қауіпсіздік мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербол Нұржанов.

Добавить комментарий