Тараз: Қару-жарақ жасырылған орын анықталды

Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды. Аталған орын жедел ақпаратты пысықтау барысында анықталды.

Хабарланғандай, 12 ақпан күні сағат 17:50-де Тараз қаласындағы Көшеней көшесі бойынша жедел ақпаратты пысықтау барысында полицейлер бетон плиталарының арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған полипропилен қапшығын тапты.

Оқиға орынынан полиция қызметкерлері зауыттық нөмірлері өшірілген ИЖ-ЗК бір оқпанды тегіс ұңғылы аңшы мылтығын, 4,5 мм калибрлі МР-654К пневматикалық тапаншасын, түрлі калибрлі 85 патронды тәркіледі. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Добавить комментарий