Танымал шабадан өндіруші Ресейдегі бизнесін сатты

Шабадан өндіруші Samsonite Ресей Федерациясының аумағындағы бизнесін сатқанын хабарлады.

Басылымға мәлім болғандай, америкалық брендтің ресейлік бөлімшесі «Самсонайт» ЖШС топ-менеджерлері сатып алған. Аталмыш ақпарат ресми расталмады.

Сонымен қатар, компанияның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есебінде 1 шілдеде ресейлік бөлімшеге иелік етуді тоқтатқаны көрсетілген. 8 шілдеде жабылған мәміле сомасы жария етілмеді. Басылым атап өткендей, тамыздан бастап Samsonite дүкендері Ресейде «Чемодан про» деп аталады.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы операция басталғанын жариялады. Осыдан кейін көптеген батыс елдері ресейлік жеке және заңды тұлғаларға қарсы қатаң санкциялар салды. Сонымен қатар, ресейлік нарықтан батыстың ондаған компаниясы кетті

Добавить комментарий