Ауғанстан БАҚ-ы ел президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухибтің «Талибанмен» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жасалатын келіссөздердің елдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін мәлімдегенін хабарлады.
Бұл туралы Мухиб Кабулда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, талибандармен жасалатын келісім нәтижесінде аймақта тек уақытша бітім орын алады.
Мухиб толыққанды бейбітшілікке қол жеткізу үшін келіссөздердің өңірлік және жаһандық аспектілерін қарастыру керектігін атап өтті.
Оның айтуынша, Ауғанстан билігі «Талибанмен» бітімнен кейін туындауы мүмкін қақтығысты талқылауға ниетті.
Ауғанстан үкіметі әрқашан бейбіт келіссөздерді қолдап келеді, ал талибандармен басты түсініспеушілік елдегі басқару формасы мен құндылықтарды қорғау болды, деді ол.
«Талибандармен келісімге қол жеткізу Ауғанстандағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге жеткіліксіз», — деді ол.