Мәскеуге келген талибан делегациясы ел аумағындағы дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасамайтынын мәлімдеді. Олар сондай-ақ Мазари-Шарифтегі РФ Бас консулдығы қызметкерлерінің қауіпсіздігін растады
Сонымен қатар, «Талибан» қозғалысы (Ресей мен Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстан аумағында Ресей мен көршілес елдерге қарсы әрекетуге жол бермейтінін мәлімдеді.
«Біз ресейлік тараппен Ауғанстандағы қазіргі жағдайды талқылау үшін [Мәскеуге] келдік, сондай-ақ ауған жерінде Ресейге немесе көршілес елдерге қарсы шабуыл жасауға жол бермейміз», — деп мәлімдеді бейсенбі күні қозғалыстың саяси кеңсесінің ресми өкілі Мохаммад Сохаил Шахин.
Ол сондай-ақ олардың сапарының маңызды мақсаттарының бірі Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдайды талқылау болып табылатынын түсіндірді. «Біздің кездесуіміздің басты мақсаты — Ауғанстанда, соның ішінде еліміздің солтүстігінде орын алған оқиғаларды талқылау. Осы жақында көптеген аудан біздің қолымызға өтті», — деді Шахин.
Оның айтуынша, делегация ресейлік тараппен пікір алмасып, қақтығысты бейбіт жолмен шешу мүмкіндіктерін талқылады. «Біз ресейлік тараптың пікірі мен ұсыныстарын тыңдауға, сондай-ақ Ауғанстанда қалыптасқан нақты жағдайға байланысты РФ бізден не күтетінін білуге келдік. Осылайша, көптеген мәселелер бойынша пікір алмасылды, соның ішінде ауғанаралық келіссөздер мен қақтығысты бейбіт жолмен шешу процессін жеделдету мәселесі бар», — деп атап өтті Талибан қозғалысы саяси кеңсесінің ресми өкілі.
«Талибан» қозғалысы Ауғанстандағы шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне шабуыл жасауға ниетті емес және РФ-ның Мазари-Шарифтегі бас консулдығы қызметкерлерінің қауіпсіздігін растайтынын айтты.
«Біздің олармен, Ресеймен арадағы қарым-қатынас өте жақсы. Біз оларға қарсы шабуыл жасамаймыз. Қарым-қатынасымыз жақсы ғой, неге шабуылдауымыз керек? — деп ол, Талибандар Мазари-Шарифтегі РФ Бас консулдығы қызметкерлерінің қауіпсіздігіне кепілдік бере аласыңдарма деген сұраққа жауап берді. — Біз Ауғанстан аумағындағы, атап айтқанда ресейлік немесе басқа да елдердің елшілігі мен консулдығын шабуыл жасамайтынымызды жария түрде мәлімдегенбіз».
Бұған дейін РФ президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, СІМ Азия екінші департаментінің директоры Замир Кабулов Ресейдің Мазари-Шариф қаласындағы бас консулдығы Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлады.