Егер Анкара түрік әскерилерін Ауғанстан аумағынан шығармаса, тәліптер оларға қарсы шабуыл жасауға дайын.
Түркия президенті Тайып Ердоған НАТО әскерлері шығарылғаннан кейін АҚШ-тың қаржылай көмек көрсетсе оның елі Ауғанстандағы әскери контингентін сақтауға дайын екенін мәлімдеген болатын.
«Талибан» радикалды қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған) Ауғанстан аумағынан түрік әскерилері шығарылмаса, оларға қарсы шабуыл жасаймыз деп ескертті. Бұл туралы сейсенбі күні 1TV ауған телеарнасы қозғалыстың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
«Түрік басшылығының [Ауғанстандағы контингенттің бір бөлігін сақтау туралы] шешімі ақылға қонымсыз, елдің егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзады және ауғандықтардың ұлттық мүддесіне қайшы келеді», — делінген тәліптердің мәлімдемесінде. Қозғалыстың «кез келген шетелдік әскерлердің Ауғанстан аумағында болуы оккупация деп қарастырылады және басқыншыларға қарсы күресетінін болады» деп атап өтті.
Тәліптер түрік басшылығынан «қос мұсылман елдің халықтары арасына іріткі салатын» шешімнен бас тартуға шақырды. «Егер түріктің ресми тұлғалары өз шешімін қайта қарамаса, онда [Ауғанстандағы] «Талибан» жақтастары түрік әскерилеріне қарсы шабуыл жасайды», — делінген мәлімдемеде. Осы жағдайда талибандар «басқалардың ісіне араласып, ақылға қонымсыз шешім қабылдайтындарға» жауапкершілік жүктейді.
14 маусымда Түркия президенті Тайып Ердоған НАТО әскерилері шығарылғаннан кейін, АҚШ қаржылай көмек көрсетсе Ауғанстандағы әскери контингентті сақтап қалуға дайын екенін мәлімдеген
АҚШ президенті Джо Байден 14 сәуірде Ауғанстанда жүргізілген операцияны аяқтау туралы шешім қабылдады. Ақ үй мамыр айында басталған америкалық әскерлерді шығару тамыздың соңына қарай аяқталады деп күтуде. АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығы хабарлағандай, Ауғанстаннан Құрама Штаттар контингентінің шығару процесі 90%-ға аяқтады.