Талибан РФ мен ҚХР қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысының өкілдері Ресей және ҚХР-мен арадағы қарым-қатынасы жақсы деңгейде екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік! «Талибан» радикалды қозғалысы ҚР мен РФ-да тыйым салынған.

«Талибанның» Катардағы саяси кеңсесінің ресми өкілі Мохаммад Сохаил Шахин былай деп хабарлады: «Жоқ, біз олардан [Ресей, Қытай және Пәкістан] қаржылық қолдау алмадық, алайда олармен арадағы қарым-қатынасымыз жақсы, — деді Шахин. Біз Ресей мен Қытайға бардық. Сіздер «Талибанның» Ауғанстандағы ең ірі саяси және әскери күш екенін [БАҚ-тан] көрген боларсыздар. Бұл шындық».

«Ауғанстан халқы 20 жыл бойы өз бостандығы үшін күресті, ол үшін жанын беріп, қолда бар дүние-мүлкін пида етті. Енді халық бейбіт елдің астында таңын атырып, [ел тарихында] жаңа тараудың бетін ашты», — деді Шахин.

Бұған дейін РФ-ның Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов «Талибан» өкілдерімен кездесу «оң және сындарлы» өткенін хабарлады. Жүздесу елшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Ауғанстаннан Батыс елдерінің әскери контингентінің басым бөлігі шығарылғаннан кейін «Талибан» қозғалысы елге бақылау орнату үшін ауқымды операцияны бастады. 15 тамызда «Талибан» жауынгерлері Кабулды соғыссыз басып алып, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасына толық бақылау орнатты. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қантөгіске жол бермеу үшін өз өкілеттігін тоқтатып, елден кеткенін хабарлады. Батыс елдері өз азаматтары мен елшіліктегі қызметкерлерін эвакуациялап жатыр.

Добавить комментарий