Талибан Панджшер провинциясына кіре алмады

Шетелдік БАҚ-тан алынған ақпаратқа сәйкес, тәліптер Кабулды бақылауына алғанына қарамастан, әлі күнге дейін содырларға бағынбай, қорғанып келе жатқан солтүстік Панджшер провинциясы қалды.

Өңірде жағдай тыныш.

«Талибан бұған дейін де, қазір де Панджшерге кіре алмады. Олардың [аймақ] шекарасын кесіп өткен деген ақпараттың бәрі жалған. Провинциядағы жағдай тыныш», — дейді БАҚ ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бірнеше ауғандық ақпарат құралдары радикалдар сейсенбіге қараған түні Париян ауданынан солтүстік-батыс бағыты арқылы Панджшерге бет алды деген ақпарат таратқан болатын.

Сонымен қатар, дереккөздің айтуынша, «Талибанға» қарсы күрескен танымал дала командирі Ахмад Шах Масудтың (1953-2001) ұлы, Панджшерде тәліптерге қозғалысты басқаратын Ахмад Масуд бейбіт жолмен берілуден бас тартты.

«Анас Хаккани [Талибан «саяси кеңсесінің мүшесі] жағдайды бейбіт жолмен шешуді ұсынған, Ахмад Масуд тәліптердің ұсынысынан бас тартты», — деді ол.

Бұған дейін Талибан Панджшер провинциясын басып алу үшін әскерлерін жібергені хабарланған болатын.

Добавить комментарий