«Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (ҚР-да тыйым салынған) елде тұрақты армия құруға ниетті екендіктерін білдірді.
Бұл туралы Twitter-де Ауғанстан Ислам Әмірлігі Бас штабының басшысы Кари Фасихуддинге сілтеме жасап Aamaj News хабарлады.
Тәліптер үкімет құрып, дипломатиямен айналысуда. Ауғанстанда билік басында отырған лаңкестерден не күтсе болады?
Талибан өкілі содырлар Ауғанстан жерінде азаматтық соғыстың басталуына жол бермейтінін мәлімдеді. Ол қозғалыс Қарсылық майданы мен этникалық ынтымақ қағидатын қолдайтын бүлікшілердің күл талқанын шығаратынын атап өтті.
Фасихуддин тәліптер бүлікшілердің ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, «ауғандықтардың қызызл қанға боялуына» жол бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, тұрақты армия құрумен қатар Ауғанстанда азаматтарды елді қорғауға даярлайтын әскери оқыту жүйесін әзірлеу бойынша консультациялар жүргізілуде.
Бұған дейін Ауғанстанның Панджшер провинциясында содырлар мен қарсылық жасақтары арасындағы қақтығыс кезінде тәліптер 20-ға жуық бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған болатын. BBC News басылымы «Талибан» бейбіт тұрғындарға зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп мәлімдеді.