9 және 11 жастағы екі оқушы Талдықорғанда қаңырап бос тұрған зауыттың маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрі тапты. Өңірлік полиция хабарлағандай, оқушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына келген полицейлер екі Макаров тапаншасы мен 30-дан астам патронды тәркіледі.
Ведомтво нақтылағандай, қару-жарақ өтеуін орындау үшін сараптамаға жіберді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарына алғыстарын білдірді.
Талдықорғанда оқушылар қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты
12 қарашада Жетісу облысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыда ұрланған қару табылды.
Облыс полицейлері атыс қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.