Талдықорған әскери госпиталінің бастығы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

Талдықорғанда әскери госпиталь бастығы мен оның қол астындағы азамат сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.

«Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Талдықорған қалалық әскери госпиталінің бастығы, медицина қызметінің полковнигі А.М. Көлбаев 11 млн. теңге айыппұл, сондай-ақ аталған госпитальдің аға медбикесі Әзімахунова 2 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды», — деп хабарлады облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Ведомствода олар заңсыз ақша алған деп күдікке ілінгенін түсіндірді.

«Атап айтқанда, госпиталь қызметкерінің жеке еңбек шартын ұзартумен байланысты қызмет бойынша жалпы қамқорлықты жүзеге асыру сылтауымен COVID-19-ға қарсы күрестегі жұмысы үшін оған түскен үстемақының 50% немесе 1 млн.теңге сомасында алдау жолы және госпиталь қызметкерінің сенімін теріс пайдалану арқылы ақшалай қаражат алған», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері.

Сонымен қатар, Көлбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Добавить комментарий