Талдықорған: құрылыс бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талдықорған қаласы Құрылыс бөлімінің басшысы Жандос Телеубаев 3 наурызда Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталғаны туралы хабардар етті.

«Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Ж.Д.Телеубаевқа жалпы сомасы 4 млн теңге пара сомасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

«Ол ЖШС директорынан нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 400 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді: Талдықорған қаласында орналасқан «60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий