
Талдықорғанда полицейлер қару-жарақ пен 8 мың доза синтетикалық есірткі жасырынған орынды тапты.
Талдықорған қаласында арнайы операция жүргізілді, оның барысында 31 жастағы есірткі сатушы ұсталды, күдіктінің синтетикалық есірткіден басқа, қару-жарақ пен оқ-дәрілердің барлық арсеналы тәркіленді.
Есірткі сатушыны Шығыс шағын ауданында «мефедрон» (күшті әсер ететін синтетикалық есірткі) деп аталатын бірнеше дозаны өткізу кезінде ұстады. үдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде сол препараттың тағы 80 грамы қосымша тәркіленді. Бұл шамамен 8 мың доза «синтетика».
Сонымен қатар, ұсталған күдіктінің үйінен ТОЗ-8, 5,6 мм калибрлі бір ұңғылы мылтық, ИЖ-К бір ұңғылы мылтық, 16 калибрлі және 20-дан астам патрон табылды. Қару тіркелмеген және ерекше нөмірлері жоқ.
«Күдікті есірткіні интернет арқылы сатқаны анықталды. Қазір ұсталған ер адам қамауға алынды. Есірткіні сату және сақтау, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық заңнаманың екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазыбек Мұхамедов.
Қазіргі уақытта жедел уәкілдер өңірге синтетикалық есірткінің арнасын, сондай-ақ мылтықты қайдан сатып алғанын анықтауда. Сондай-ақ, ұсталған ер адам атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстарға қатыстылғы тексеріледі.