Талдықорған: Монша кешенінде әйелдерге арналған көпшілік үйі жойылды

Талдықорғанда мекеме клиенттеріне жыныстық қызмет көрсетіп, жеңгетайлықпен айналысқан монша әкімшісі ұсталды.

Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы монша кешендерінің бірінде әкімші ақшалай сыйақыға жыныстық қызмет көрсету үшін жігіттерді ұсынатыны, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында ақпарат расталып, криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы бойынша СДТТБТ-ға тіркелген. Әкімші өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей ұсынғаны анықталды. Алдын ала сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Добавить комментарий