Талдықорған қаласының әкімі тағайындалды

Ернат Бәзіл Талдықорған қалаcының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Базис-А корпорациясы» ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан Жетісу облысы әкімінің орынбасары болды.

Бәзіл Ернат 2022 жылдың наурыз айынан бері Талдықорған қаласын әкімі болған Әсет Масабаевтың орнына тағайындалды. Мамыр айының басында Масабаев жансақтау бөліміне түскен еді.

Добавить комментарий