Талапкерлер үшін екінші мүмкіндік: Тамыз айында тапсыратын ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау басталды

ЖОО-ға түскісі келетін талапкерлерге екінші мүмкіндік беріледі, 20 шілдеден бастап Ұлттық бірыңғай тамыз тестілеуіне (ҰБТ) қатысуға өтініш беру басталады. Білім және ғылым министрлігі өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады және ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі деп хабарлады. 10 тамыздан бастап талапкерлерге тестілеуді тапсыруға мүмкіндік беріледі.Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алатындығын айта кеткен жөн. Бұл талапкерлерге нәтижелерін жақсартуға және жоғары оқу орнында қалаған мамандығына түсу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өкінішке орай, қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкерлер шекті балл жинай алмады. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет

Барлық бес ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге жоо-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, жоо-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.

Сонымен қатар жоо-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Добавить комментарий