Талғар полициясы адам ұрлағандарды жауапкершілікке тартуды жоспарлап отырған жоқ

Алматы облысы Талғар аудандық басқармасының тергеушілері адам ұрлаған қылмыскерлерді жауапқа тартудан бас тартуда Қызды не үшін ұрлады, талғарлық тергеушілердің іс-әрекеті немен байланысты?

Адам ұрлады деген хабарлама куәгерден келіп түскен, артынан қыз олардың үстінен арыз жазды. Бірақ қылмыстық істі екінші тергеуші жауып тастады. Тергеушілердің ойлағаны не?

Аружан есімді жәбірленушінің арызы бойынша, 2020 жылдың 25 шілдесінде Талғар аудандық полиция басқармасы заңсыз бас бостандығынан айыру бабы бойынша іс қозғады. Кейінірек қылмыстық іс адам ұрлау бабына өзгеерді.

Тергеуші Е. Айбекұлы қылмыстық кодекстің 26-бабына, яғни «қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркімен бас тарту» дегенге сілтеп, 2020 жылдың қыркүйек айында істі жауып тастады. Полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Ж.Смайылов Аружанға жазған жауабында «егер ол бұл әрекетті өз еркімен және түбегейлі аяғына дейін жеткізуден бас тартса, ол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды» деген.

Қыз прокуратураға «полицияның әрекетсіздігіне» шағымданды. Талғар ауданының прокуроры Б. Қыдырбаев «тергеуші істі дұрыс шешу үшін оқиғаның барлық мән-жайын толық және бейтарап анықтаған жоқ» деп түйіндеді. Прокуратура полиция басқармасының істі қысқарту туралы шешімінің күшін жойып, сотқа дейінгі тергеуді қайта бастау туралы жазбаша нұсқау берген.

Тергеу 25 қарашада қайта қозғалды. Істі аға тергеуші Смайылов өндіріске алды. Тура бір айдан кейін, 25 желтоқсанда ол істі жауып тастады. Аға тергеуші істің «қылмыстық құрамы жоқ» деп тапқан.

«Екінші істі де жауып тастады. 15 наурызда тергеудің қандай сатыда екенін анықтау үшін полиция қызметкерінен WhatsApp арқылы сұрап жаздым. «Қылмыстық іс тоқтатылды», — деп хабарлады дейді жәбірленуші. Ол сондай-ақ тергеу кезінде жауап алынбағанын айтады. Істің тоқтатылғаны туралы оны белгіленген тәртіппен хабардар етпеген, себебі қызды істің жабылғаны туралы қаулыға шағымдану құқығынан айыру үшін екені анық.

Қазақстандық БАҚ-тың сұрауына полиция қызметкерлері былай деп жауап берді:

«Алдын ала тергеу барысында ер адам қызды ұлттық дәстүрге сай ұрлап, оны Алматы облысы Жаркент қаласына төрт досының көмегімен үйлену ниетімен алып қашпақ болғаны анықталды. Сондай-ақ, бұл тұлғалардың Аружанды көлікке алдап отырғызғаны белгілі болды. Үйлену мақсатымен ұрланып бара жатқанын білгенде, алып қашпақ болған жігіт пен Аружан жанжалдасып қалған: қыз көлікті тоқтатып, түсіп қалған. Кейінірек аталған адамдар [Аружан] жолда бірнәрсеге ұшырап қалмауы үшін бірге жүруді сұраған, Аружан өз еркімен көлікке мініп, сапарын жалғастырған. Сол арада жас жігіт қызға тағы да үйленуге ұсыныс жасағанда олардың арасында дау туындап, ер адамдар оны Еңбекшіқазақ ауданы Шелек [ауылдық] полиция бөліміне жеткізген.

Іс 2020 жылғы 25 желтоқсанда Қылмыстық кодекстің 126-бабында қарастырылған қылмыс құрамының болмауына байланысты және өз еркімен көлікке мініп, сапарын жалғастырғанына байланысты тоқтатылды. Аудандық прокуратура қылмыстық істі тексеріп, кейін бұл шешіммен келіскен».

Алайда қыз тергеу барысында мүлдем басқа айғақтар берген, ол көлікке алдымен алдап, сосын күшпен отырғызғанын мәлімдеді. Бірақ оның айғақтары полицейлердің айғақтарын қызықтырмайды. Олар ортағасырлық дәстүрлер адам ұрлау әрекетіне жатпайды деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік! Қырғызстанда бірнеше күн бұрын осыған ұқсас жағдай болған. Бес жігіт досына үйлендіру мақсатында қызды алып қашып кеткен, артынан оның мәйіті көліктен табылды. Қыз тұрмысқа шығудан бас тартқан. Осы оқиғадан кейін 44 милиция қызметкері жазаланды.

Қазақстан заңдарында қандай мақсатпен ұрлағанына қарамастан, адам ұрлағаны үшін жауапкершілікті алып тастау көзделмеген. Қызды еріксіз алып қашып, бірнеше сағат бойы психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Полицейлер ортағасырлық әрекеттерді қандай негіз бойынша ақтап отырғаны белгісіз.

Жәбірленушінің өзі оқиға туралы былай деді.

«Екі күннен кейін (оқиғадан кейін — ред.) мені полиция бөліміне шақырды. Тергеуші маған: «Істі жаба салайық. Мен сені тағы мың рет шақырамын, кешірдім деп жазып бере сал» деді. Мені жігіттермен бетпе-бет кездестіруге шақырмады».

Бойжеткен басынан өткерген сұмдық оқиғаны былай деп әңгімелеп берді:.

«Біз Құлжа тас жолымен жүріп келе жатқанда, ол басқа жаққа бұрылып кетті. Телефондағы картаны қосып қойдым. Бәлкім, ол айналып өтпек болған шығар деп ойладым, бірақ кейінірек мен оға дұрыс келе жатқан жоқсын дедіи. «Солай ма?» — деп, жайбарақат жүре берді.

«Егер сен көлікті тоқтатпасаң, мен секіремін», — дедім.

Жол шетіне тоқтады да, «біз сені ұрлап әкетіп бара жатырмыз» деді. Көлікті тез ашып, сыртқа шықтым, әлгі үш жігіт те атып шығып, мені қайтадан көлікке отырғызбақ болды. Сол кезде көлік үстіндегі жүк қойғыш темірдің арасына қолымды кіргізіп үлгердім. Шығара алмайтындай тастай ғып ұстап алғанмын. Олар ары-бері жұлқылап көрді, бірақ қолымды босата алмай қойды. Әлгілер жұлқылағаннан қолым ісіп, көгеріп кетті. Сол кезде айқайлап, жылап, ары-бері өткен көліктерден көмек сұрадым. Сенбі ғой, қаладан қайтқан көлік көп. Жол жетінде тұрғанда біздің жанымыздан мыңдаған көлік өтіп жатты. Біреуі де тоқтаған жоқ. Сені біреу өлтіріп жатса да ешкім көмектеспейді екен. Кейбірі телефонға түсіріп алып, өз жөнімен кетіп жатты. Басыңа іс түссе ешкім көмектеспейтінін сол кезде түсіндім.

«Оңбаған екенсің! Бастыққа айтамын! Осының бәріне жауап бересің!» деп айқайладым.

Жұлқыласып тұрғанда тағы бір көлік келіп тоқтады. Оны да танымаймын. Бәріне «телефонымды беріңдер, мені жіберіңдерші» деп жалындым.

Қазір жіберсеңдер бәрін ұмытамын, адамдықпен жібере салыңдар. Соңына дейін апарсаңдар, мен де істі соңына дейін жеткіземін» дедім. Олар алысырақ кетіп, өзара ақылдасып тұрды да, аздан соң қасыма келіп, «Болды, біз сені қоя береміз. Кете бер» деді

«Мен мына төртеу кеткенше орнымнан қозғалмаймын. Сөмкемді, құжаттарымды және телефонымды қайтарыңдар», — деп талап еттім. Олар бәрін тартып алған еді. Менің әріптесім ғана қалды, басқа төртеуі кетті. Қолымды босатып, сөмке, телефонымды алып, ашуланып жаяу кеттім.

Бес минут өткен жоқ, жаңа ғана кетіп қалған көлік қайтадан қарсы кездесті. Оларды көре сала тұра қаштым. Үшеуі жүгіріп, мені қуып жетті де, қолымды қайырып, машинаға салып алды.

Көлік Шелек ауылына қарай бет алды. Сол сәтте мен көлік ішінде өзіме қол жұмсағым келді…»

Қазақстанда заң баршаға бірдей емес сияқты. Ал тергеушілер айла-шарғы жасап, кез-келген істі өз қалағанындай жасайды.

Добавить комментарий