Құқық қорғау органдарының қызметкерлері такси жолаушысынан 50 грамм марихуана тапты. Бұл рейдтік іс-шаралар барысында анықталды. Түркістан ҚПБ-ның полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан автокөлікті тоқтатқан.
Құжаттарын қарап, тексеру кезінде тәртіп сақшылары көлік салонында отырған жолаушының қара пакетке оралған затты, отырған орындығының астына тастап жібергенін көреді.
Патрульдік полицейлер оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырып, заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі салмағы шамамен 550 грамға жуық болатын “кептірілген марихуана” болып шықты.
Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Бұл факті ҚР ҚК 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ тіркелді. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.