Тайвань Қытай жауынгерлік ұшақтарының басып кіргені туралы хабарлады

Тайвань қорғаныс министрлігі сегіз қытайлық бомбалаушы мен төрт жойғыш ұшақ елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына кіргенін хабарлады. Осылайша, ел билігі екінші күні қытайлық жауынгерлік ұшақтарының жаппай басып кіруі туралы хабарлайды.

Хабарламада айтылғандай, Формоза жағалауында сегіз H-6K бомбалаушы және төрт J-16 жойғыш ұшағы пайда болған. Тайвань әскерилері шетелдік ұшақтарға ескерту жасап, сондай-ақ бақылау үшін және басып кірудің алдын алу үшін зымырандарды жіберді. Сонымен қатар, жауынгерлік ұшақтар әуеге көтерілді. Оқиға елеулі салдарға әкелген жоқ деп, атап өтілді.

Айта кетейік, Бейжің Тайваньды өз аумағы деп санайды. Осыған байланысты Қытайдың әскери-әуе күштері аралдың оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пратас аралдары арасында жиі ұшатын.

«Жауынгерлік ұшақтар әуеге көтеріліп, біз радио ескертулер жасап, бақылау үшін зениттік-зымыран жүйелерін орналастырдық», — делінген мәлімдемеде.

Қытайда әзірге түсініктеме берілген жоқ. Бұған дейін Бейжің елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін оқу-жаттығу өткізетінін мәлімдеген болатын.

Джо Байден АҚШ президенті болғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, қытайлық бомбалаушы мен жойғыш ұшақтарының ұшуы басталған.

Добавить комментарий