Тайвань Қорғаныс министрлігі Илон Маскқк тиесілі Tesla компаниясының электромобильдерін сатып алудан бас тартты.
Егемендігі мойындалмаған мемлекеттің әскери қолбасшылығының айтуынша, мұндай шешімді экологияға байланысты қабылданды. Қазір Тайвань қорғаныс министрлігі Tesla маркалы жеті көлікті «әкімшілік істері үшін» пайдаланады, деп хабарлайды Taiwan News.
«Әскерилер электромобильдерді сатып алу туралы шешімі үкіметтің экологиялық саясатына негізделгенімен, алдағы уақытта Tesla электрокарларын сатып алу жоспарда жоқ», — деп хабарлайды Taiwan News.
Бұған дейін Маск Тайвань үшін қақтығыс орын алуы мүмкін және ол әлемдік экономикаға ауыр соққы болады деп мәлімдеген болатын. Кәсіпкер қақтығыстан құтылудың жолы ретінде Тайваньды Гонконг сияқты Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы қылуды ұсынды.