Тай массажшылары Қазақстаннан депортацияланды

Тай әдісімен сауықтыру массажын көрсететін шетелдіктер ел аумағынан шығарылды.

Шетелдіктер заңды еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстанда болу тәртібін бұзған.

Қостанай қала сотының шешімімен шетелдіктерге 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасына кіру шектетілді. Қостанай облысы Полиция департаменті көші-қон қызметкерлерімен Қостанай қаласының SPA-салондарының бірінде 2 Таиланд Корольдігінің азаматының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісі анықталды, — деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.

Атап өтілгендей, қабылдаушы тарап та жауапкершілікке тартылды.

Облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 45 шетелдік азамат шығарылды.

Добавить комментарий