Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізеді

Бангкок, Таиланд: Таиланд Қазақстан азаматтарына туристік сапарларын қолжетімді ету үшін уақытша визасыз режим енгізеді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Таиланд Корольдігінің Үкіметі қазақстандық азаматтар үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.

Бұл бастама екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және туризмді дамытуға бағытталған. Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары Тайландта визасыз 30 күн бола алады.

Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.

Добавить комментарий