Таиланд астанасы Бангкоктың атауы өзгерді

Таиланд билігі Бангкоктың атауын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Таиланд корольдік ғылыми кеңесінің мәлімдемесінде қала атауы «Ұлы Астана періштелері қаласы» деп аударылатыны туралы айтылған, бұл ретте Bangkok қаланың бейресми атауы болып қала береді.

Осыдан кейін елорданың атауы ресми түрде шет тілдерде Krung Thep Maha Nakhon немесе бұрынғыдай Bangkok деп жазылады. Тайланд премьер-министрінің кеңсесі мәтіндегі Bangkok жаңа атаудан кейін жақшаға алынып жазылуы мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, тай тілінде елорда әрқашан Krung Thep Maha Nakhon деп аталған, бұл қысқартылған түрі , себебі толық атауы 40-тан астам жеке элементтерден тұрады және әлемдегі ең ұзын қала атауы болып табылады.

 

Добавить комментарий