Қазақстанда сот шешімімен Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды.
Алматы жоғары оқу орнында тексеру парағының 46 тармағынан 39-ы бойынша бұзушылықтар анықталды.
«Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады», — делінген министрлікте.
Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоо бас лицензиясынан айырылды.
Нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шет тілдер және іскерлік карьера университетін бас лицензиясынан айыруға, сондай-ақ ЖОО-ны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Министрлік аталған университеттің студенттер семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алатынын мәлімдеді.
«Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады», — деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың мамыр айында Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің лицензиясы уақытша тоқтатылды. ЖОО-ға бұзушылықтарды жоюға уақыт берілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша аталған ЖОО Қазақстандағы ең нашар оқу орындарының қатарында болды.