Тағы 9 қазақстандық кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттай алады

Тоғыз қазақстандық кәсіпорын Жапонияға жылқы етін экспорттайды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді – «Kaindy» ЖШС (Алматы облысы), «ASEM-ZHETYSU» ЖШС (Алматы облысы), «Meat processing Complex Bizhan» ЖШС (Ақмола облысы), «Asyl-Asyl» (Атырау қаласы), ЖК «Kuanysh» (Атырау қаласы), ШҚ «Birlestic» (Қарағанды облысы), «EURASIA INVEST LTD» ЖШС (Қарағанды облысы), «ARAY KZ» ЖШС (Қарағанды облысы), «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС (Қостанай облысы)», — делінген хабарламада.

Бұған дейін аталған тізілімге 34 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Осылайша, бүгінгі таңда жалпы 43 отандық ет өңдеу компаниясы өз өнімдерін Жапония аумағына экспорттай алады.

Добавить комментарий