Тәжікстанда жер сілкінісі болды

Тәжікстанда 5 наурыздан 6 наурызға  қараған түні жер сілкінісі болды.

Хабарланғандай, Қазақстан ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық стансалары Астана уақыты бойынша сағат 04:10-де (Гринвич уақыты бойынша 5 наурыз 22.10-да) жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі, сейсмологтардың мәліметі бойынша, Қазақстанның оңтүстік астанасынан оңтүстік-батысқа қарай 621 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Добавить комментарий