Ауғанстандық мыңнан астам әскер Тәжікстан шекарасынан өтіп кетті. Олардың барлығы «Талибан»
(ҚР-да тыйым салынған) радикал қозғалысының жақтаушыларымен болған қарулы қақтығыстан кейін ел аумағынан бас сауғалап қашты.
Бұл туралы Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара маңы баспасөз орталығының ресми мәлімдемесінде хабарланды.
«Талибандармен болған қарулы қақтығыстар барысында Ауғанстан үкіметтік жасақтарының 1 037 әскери қызметшісі жеке құрамның өмірін сақтап қалу мақсатында Ш. Шохин ауданының Шохон (104 адам), Дарваз ауданының Рузвай (213 адам) және Вандж ауданының Хумроги (173 адам), Тем ауданының Хорог қаласы (312 адам), Ишкашим (102 адам) және Ишкашим ауданының Лангар (50 адам) шекара учаскелері арқылы Тәжікстан Республикасының аумағына шегінген.