Тәжікстан билігі көршілес Ауғанстандағы шиеленіскен жағдайды назарға ала отырып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Бүгін республикада Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығы тексеріледі. 22 шілде күні бүкіл ел бойынша жеке құрам шақырылады.
Жауынгерлік даярлықты тексеру Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында өтеді. Сонымен қатар, резервшілердің әскери дайындығы да бағаланады. Оқу-жаттығу аясында жедел-тактикалық сынақтар өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты жауынгерлік дайындықты тексеру, жұмылдыру, жеке құрамның тәжірибесін арттыру, сондай-ақ әлеуетті қауіп-қатерлер туындаған жағдайда әскери құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестіру болып табылады.
Сондай-ақ бейсенбі күні Душанбеде әскери парад өтеді, оны елдің жоғарғы бас қолбасшысы, президенті Эмомали Рахмон өзі қабылдайды. Бұл туралы РИА Новости Қорғаныс министрлігіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Парадқа Тәжікстанның барлық күш құрылымдарының өкілдері, оған кемінде екі апта дайындалған бес мың әскерилер қатысады. Таңғы сағат 04:00-де олар дабыл бойынша көтеріліп, іс-шара өтетін жерге көшіріледі. Оны мемлекеттік телеарна арқылы тікелей эфирде көрсетеді.