Тәурат қазақ тіліне аударылды

Тағы бір кітап қазақ тіліне аударылды. Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нұртас Иманқұлов Тәратты алғаш рет қазақ тіліне аударды.

Ол Тәратты орыс тілінен қазақ тіліне аударды.

Кітап «Тәурат бес кітап» деген атаумен жарық көрді.

Қасиетті кітап Израильден әкелінген Бехор Барухтың редакциясымен шыққан Эрец Исраэль 1997 жылғы түпнұсқасының орыс тіліндегі нұсқасынан аударылған. Профессор Нұртас Иманқұлов аударма бойынша көп жылдық еңбегіне 5 жыл уақытын арнады.

Айта кетейік, кітап Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі қарсаңында жарық көрді.

Кітап суреттермен бейнеленген 1 000 беттен тұрады. Ол дін саласының қызметкерлеріне, дінтанушы ғалымдарға және дінге қызығушылық танытқан барлық оқырманға арналған.

«Тәурат» сөзінің түбірі «оқыту, ілім, тәлім және заң» деген мағынаны білдіреді. Кітапты аудару кезінде терминология бойынша біраз қиындықтар туындады. Мәселен, қазақ шапан атауларына, киім тігетін жіп түрлеріне табу оңай болған жоқ», — деп атап өтті дінтанушы.

Профессор Нұртас Иманқұлов көптеген кітаптардың авторы. Олардың қатарында «Еврейлер тағылымы» және «Қазақия философиясы» бар.

Добавить комментарий