14 наурызда Алматыда қалың қар жауып, жолдарда кептеліс болды, әуежайда рейстер тоқтатылды. Қала тұрғындары көшеде жүріп-тұруы қиындады, ал кейбіреулері көшеде сноуборд теуіп жүр.
Қалың қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қаладағы ұзын-сонар кептелістер қалыпты құбылысқа айналды, жедел жәрдем көліктеріне қала бойынша қозғалысы қиындады.
Алматылықтар жолдарда тұрып қалған автобустарды итеріп, көмектесуде. Синоптиктердің ескертуінше, қар 15 наурызға дейін үздіксіз жауады.