Төтенше жағдай: Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты электр энергиясы жаппай өшірілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысының кейбір елді мекендерінде электр энергиясының жаппай өшірілді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «АЖК» АҚ апаттық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуге кірісті, ал аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшілік ұйымдастырды.

«Қазіргі уақытта «АЖК» АҚ-ы күшімен авариялық үзілген электр желілерін қайта қалпына келтіру жүріп жатыр. Электр қуатын беру туралы толық ақпарат кейінірек хабарланады. Жағдай тұрақты бақылауда», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, ТЖМ Талғар ауданында трансформатордың қысқа тұйықталуы орын алғанын хабарлады, бірақ өрт болмағаны нақтыланды. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығы Алматы қаласына да кері әсерін тигізіп, үлкен кептелістер тудырып, әуежайдың жұмысына кедергі келтірді.

Добавить комментарий