Тұтқындар УҰИ-дан қашып кетті

Қарағанды облысында тұтқындар уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

Хабарланғандай, 8 наурызда Шахтинск полиция бөлімінің УҰИ-нан екі тұтқын қашып кетті.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі тұтқын серуендеу ауласынан қашқан.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері бірнеше сағаттан кейін қашып кеткен тұтқындарды ұстады. Аталған фактісі бойынша ҚР ҚК 426-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп атап өтті облыс полициясы.

Сондай-ақ, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тергеуге алынған ер адамдардың неліктен тергеу изоляторында емес, УҰИ-де болғаны хабарланбады.

Добавить комментарий