Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған көп балалы анаға көмек көрсетілді

Өскеменде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көп балалы ана бірнеше рет күйеуінің ұрып-соғатынын айтып арызданған.

Күйеуі қайта қол көтергенде, түнде әйел бес баласымен үйден қашып кеткен.

Ол қалалық полиция басқармасына жүгініп, күйеуі жиі соққының астына алатынын айтты.

Маргаританың айтуынша, ол бірнеше жыл бойы күйеуімен азаматтық некеде болған. Осы уақыт ішінде олардың бес баласы дүниеге келді.

Әйел өз жағдайын полицейлерге айтып, соңғы кездері күйеуімен қарым-қатынасы суығанын атап өтті.

«Күйеуім ішімдікке әуес болып алды, үйге мас күйінде келгенде маған қол көтере бастады мені ғана емес, балаларымды да ұратын болды. Үйде ештеңеге көмектеспейді, барлығы менің мойнымда болды. Одан кетіп қалуға қорықтым, өйткені мен балалар үйінен шыққанмын — көмек қолын созатын ешкім жоқ, оның үстіне бірнеше жыл жұмыс істемей — балаларыммен үйде отырдым, — дейді Маргарита.

23 қарашада кезекті жанжалдан кейін Маргарита соққыға шыдамай, балаларын алып, түнде үйден қашып кеткен. Ол құрбысының шаруа қожалығына бет алған, бірақ ол жерде ұзақ қала алмайтынын білді.

«Әйел Өскемен қаласының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция қызметкерлеріне жүгініп, өз тарихын айтып берді. Мұнда оған психологиялық көмек көрсетіліп, кәмелетке толмаған балалармен бірге уақытша тұруды ұсынды. Әрине, бұл отбасы полиция қызметкерлерінің бақылауында болады, алдағы уақытта оларға көмек пен қолдау көрсетілетін болады», — деді Өскемен ПБ басшысы Андрей Мула.

Добавить комментарий