Түрксіб ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер жаппай бұзылады деп жоспарлануда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38905-1663845434-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Түрксіб ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің жартысы ескі деп танылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.

«Ескі тұрғын үй мәселесі аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Аудандағы көпқабатты үйлердің жартысы (1229 үйдің 594-і) ескі, бұл қаланың ескі үй қорының 40%-ын құрайды», — деді Досаев бейсенбі күні Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

Ол атап өткендей, бүгінде жеке құрылысшылар 17 көпқабатты тұрғын үйдің (КПҮ)құрылысын жүргізуде, оларға тозығы жеткен үйлердің тұрғындары орналастырылады

«Осылайша, Осипенко көшесінде ағымдағы жылдың соңына дейін 59 пәтерлік екі КПҮ-нің құрылысы аяқталады. Оларға Чернышевский — Сауранбаев — Молдағалиев — Толстой көшелерінің шаршысында орналасқан төрт ескі үйдің тұрғындарын уақытша көшіруді жоспарлап отырмыз. Бұл келер жылы осы төрт үйді бұзып, 214 пәтерлік 10 үйдің құрылысын бастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған көшелердің аумағында 152 пәтерлік 7 КПҮ-нің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 48 пәтер тозығы жеткен тұрғын үйді жөндеу бағдарламасы бойынша айналымдағы тұрғын үйге арналған. Аталмыш КПҮ-лер 2023 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі», — деді әкім.

Сонымен қатар, ол аталған нысандар аяқталғаннан кейін әкімдік Спартак және Ақындар көшелеріндегі тағы 8 үйдің тұрғындарын көшіруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Кассин, Котельников көшелерінің, Сейфуллин даңғылының шаршысында 432 пәтерлік сегіз КПҮ салынып жаатыр. Үйлер 2023 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі. Оларға аталған шаршының 15 ескі үйінің тұрғындары көшіріледі. Сонымен қатар, жеке құрылыс салушымен («Elif Construction» ЖШС) «Алтай-2» шағын ауданындағы 57 екі қабатты үйді жөндеу бойынша меморандум жасалды. Көшіп келушілерге 456 пәтердің кілті табыс етіледі. 2023 жылы бірінші кезеңде 18 ескі үйдің тұрғындарын көшіру үшін екі тұрғын үй салынады. Бұл ретте, тағы қайталап кетейін, мен айтқан жоспарларды жүзеге асыру тек ескі үйлердің барлық тұрғынадры 100 пайызы келіскен жағдайда ғана мүмкін болады», — деп атап өтті Досаев.

Добавить комментарий