Түркістан қаласының аумағында жасанды су айдындары бар саябақтардың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, Тұңғыш Президент саябағында салынған су айдынының сыйымдылығы 100 мың м3, оның тереңдігі — 4 метр. Саябақ аумағы ның жалпы ауданы 40 га жуық жер.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет аралау барысында жауапты тұлғаларға саябақтардың құрылысын ширатуды тапсырды. Бірқатар ескертулер айтып, жұмыс сапасы мен келісім-шарттың мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы құрылған күннен бастап шаһарды дамыту тұрғысындағы кешенді жобалардың қарқыны жоғары. Олардың бір бөлігі шаһарда микроклимат қалыптастырып, Түркістанның климатын түпкілікті өзгертуге бағытталған. Облыс орталығын көгалдандыру мен су арналарының артуы бойынша атқарылар жұмыстар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің басты назарында.
Жақында Түркістан қаласында бірнеше жаңа саябақ ашылып, пайдалануға беріледі. Туристер мен тұрғындар саябақтардың аумағында демалып, көл жағалауында серуендей алады. Солардың бірі – қала іргесіндегі 28 га жерде орналасқан «Дендросаябақ».
Сыйымдылығы 200 мың текше метрден асатын жасанды көл 4,5 гектар аумаққа жайғасады. Су айдыны Бөген су қоймасынан келетін Арыс – Түркістан каналы арқылы қамтамасыз етіледі. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, жақында ашылған «Керуен сарай» туристік кешеніндегі жасанды көлдің көлемі бұдан 10 есе кіші, яғни, 20 мың текше метрді құрайды.
Сонымен қатар, Түркістан қаласында әкімшілік-іскерлік орталығындағы спорттық кешендері КР-да баламасы жоқ ескек есу каналының құрылысы жүріп жатыр.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы тапсырмасымен жүзеге асып жатқан байдарка спорты бойынша жаңа халықаралық орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасқан. Су айдынының ұзындығы — 2,5 шақырым, ені — 125 м, тереңдігі — 4 м.