Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48784-1677045522-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Түркістан қаласының орталығында қолөнершілердің жаңа қалашығы салынады деп жоспарлануда. Бірегей жобаның аумағы 9000 шаршы метрді құрайды.

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер шеберханасы бар теңдессіз туристік кешен салынады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа жоба Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен басқосуда талқыланды.

Кешенде ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберханасын салу жоспарлануда. Сондай-ақ, қалашықта сонымен қатар қонақүйлер мен ас үйлер салынады.

«Түркістанда қолөнершілердің әлеуеті зор. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһардың орталғында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр. Бұл жоба әлі де терең талқыланып, тиісті шешім қабылданады», — деп хабарлады әкімдіктегілер.

Қолөнершілер қаласын құрудың мақсаты – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу.

Добавить комментарий