Түркістан облысының құтқарушылары 2021 жылғы 25 мамырда қайту керек болған, алайда Түркістан тауларында жоғалған туристтердің үшеуін тапты.
«Бүгін, 28 мамырда «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау барысында Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда», — деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.
Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікшағы жұмылдырылды.
Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 2021 жылғы 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алып, 24 мамырда қайтуы керек болған.