Түркістан облысының әкімдігіне қаражат жетіспеді

Түркістан облысында қаражат жетіспей қалды. Әкімдік биржадан T20 млрд тартты.

«Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001162 (TKK024_116) мемлекеттік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Сауда-саттықта эмитент номиналы 1 000 теңге және өтеу мерзімі 2 жыл (720 күн) 20 000 000 KZMJ00001162 (TKK024_116) облигацияларын орналастыруды жоспарлады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 20,0 млрд теңге тартты», — делінген хабарламада.

Аталған облигациялар 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қарастырылған іс-шараларды қаржыландыру мақсатында шығарылған.

 

Добавить комментарий