Түркістан облысында ветеринарлық препараттар өндірілетін болады

Қазақстан мен Түркия Түркістан облысында ветеринарлық препараттар мен вакциналар шығаратын зауыт салуға келісті, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияға жұмыс сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Адыяман қаласындағы Vetal Animal Health Products LTD компаниясының өндірістік қуаттылығына барды. Зауытты аралау барысында министр ветеринариялық вакциналар, сарысулар және басқа да биопрепараттар өндіру үдерісімен танысты. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшісі Абзал Сапарбекұлы және Адыяман провинциясының губернаторы Махмұт Чухадардың қатысуымен қазақстандық «Vetal Kazakhstan» ЖШС және «Vetal Animal Health Products LTD» компаниясы арасында Түркістан облысында 2021 жылы өндіріс құру туралы инвестициялық жобаны іске асыру бойынша Меморандумға қол қойылды.

Қазақстанда жобаның жалпы құны 60 млн долларды құрайды. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларын емдеу және алдын алу үшін 7 млн доллар сомасында ветеринариялық препараттар мен вакциналар шығаратын зауыт салу көзделіп отыр. 75 жұмыс орны ашылады, Болашақта зауыттың өндірістік қуаты мен жұмыс орындарының санын 300-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Vetal Animal Health Products 1991 жылы құрылған, Англияның Pilbright, World Reference және Panvac Reference Institute сияқты зертханалары сертификаттаған 45 түрлі вакцина шығарады. Аталған компания ветеринариялық вакциналар, сарысулар және түрлі биопрепараттар өндіретін 28 мың шаршы метр заманауи зауытқа ие. Компания өнімдері Түркия, Иран, БАӘ, Ирак, Пәкістан, Әзірбайжан, Украина, Грузия, Франция және т.б. елдерде кеңінен қолданылады.

Добавить комментарий